Site Feedback

"Мен Kазақпын"

Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген!..
(Ж.Молдағалиев)

Мен қазақпын,мың тіріліп мың өлген!..
Таланбаған тағдырларға түнерген...
Өшіп болып қайта жанған жалынмын...
Көшіп-қонып ен далада жүрем мен...

Тасқа басқан таңбасы мен сөздерін,
Еркін елмін, ежелден-ақ «кезбемін»...
Шалғынымда мал жайылған төрт түлік.
Шаужайына жабыспағам өзгенің...

Жалынымды жаттың өзі нақ білген.
Атилла боп Ғұнның отын жақтым мен.
Медет күтіп бір Алладан әрдайым,
Томирис деп ұрандаған Сақпын мен.

Ажырамай ақырзаман сырынан,
Әсте өшпедім, жоқпын әсте құрыған...
Күлтегін боп, Тоныкөк боп, Білге боп,
Көк Бөрімін көкке қарап ұлыған!..

Аждаһаның айбары бар мысында
Темірмін мен,қиянға үнім ұшуда...
Қилы жайттың уын ішіп жасымнан,
Билік айттым Бейбарыс боп Мысырға!

Көрі жақын тұрса дағы төрінен,
Сәулелімін нұр таймаған өңінен...
Абылай боп айбаттанды алты алаш,
Қайраттанды Кенесары қолымен.

Сыпырылып кете барған құндағым
заманда да жатқа мойын бұрмадым...
Махамбет боп ақиқатты бетке айтып,
Абай болып шындық жырын жырладым!..

Мен қазақпын – көк Түріктің тұяғы!..
Ұждансыздар қорлағанда ұяны,
«Оян,елім» деп ұрандап өттім мен,
Сәкен, Мағжан, Міржақып боп зиялы.

Боз боран жыл.Жабарым жоқ бас-бұтқа...
Босып жүріп тап болдым сор-аштыққа...
Ұлтым деумен «ұлтшыл» болып өлсем де,
Ұлы Отанды қорғаудан біз қаштық па?!
Әлия мен Мәншүк болып лауладық
Бауыржан боп батыл іске бастық та!
Жар құлағым тимей бір сәт жастыққа.


Зұлмат заман жұртқа азабын жекті дүр.
Тексіз ойлар намысымды тепті бір.
Бодан болып жетпіс жылды жамылып,
Жаным жатқа бағынумен өтті кіл.
Имансызға, рухымды таптаған,
Желтоқсанда басталғанда сот-ғұмыр,
Үскірік жел ысқырып, көр тұрса да
Жанарынан жалын шашып отты нұр,
Жастар тұрды .Тағдыр опат қылса да,
Айдай әлем ән қып айтар топты бұл.
Салтым үшін, халқым үшін боп дүбір,
Жаңғырып та алыс-жақын кетті қыр...

Бойды қарып өтсе дағы сан ызғар,
Ойсыратты «Одақ» дейтін уағызды ар.
Мен қазақпын мың өліп бір тірілген..
Менің жаным желтоқсанға қарыздар!
Менің жаным желтоқсанға қарыздар!

Share:

 

1 comment

    Please enter between 0 and 2000 characters.

     

    Corrections

    No corrections have been written yet. Please write a correction!

    Write a correction

    Please enter between 25 and 8000 characters.

     

    More notebook entries written in Kazakh

    Show More