Сәлем! -ған мен -ған еді жалғаулары арасында айырмашылық жоқ деп айтуға болады. "еді" деген ол қыстырма сөз ретінде қолданылады. яғни Мен Қазақстанға барғанмын. және
Мен Қазақстанға барған едім. сөйлемдери бірдей мағына береді.
ал, едім, едің, едіңіз, едік,...т.б. ол жіктеу болып табылады, яғни,
жекеше түрде:
мен барған едІМ,
сен барған едІҢ,
сіз барған едІҢІЗ(сыпайы түр)
ол барған еді.
көпше түрде:
біз барған едІК,
сендер барған едІҢдер (мұндағы -дер көптік жалғау),
сіздер барған едІҢІЗдер (мұндағы -дер көптік жалғау)
олар барған еді.
бұл сөйлемдерде кез келген етістіктерді қойып айта беруге болады: біз барып едік, біз келген едік т.с.с. "еді" сөзі өткен шақпен ғана қолданылады.