Turkmen44
First notebook entry: Introducing myself Бүгін Қырғызстан парламентіндегі төрт фракциядан құралған басқарушы коалиция ыдырады. Азаттық радиосы Қырғыз қызметінің хабарлауынша, көпшілік орынға ие "Республика" партиясының жетекшісі, депутат Қанатбек Исаев бүгін басқарушы коалицияның тарағанын мәлімдеді. Исаевтың айтуынша, коалиция құрамынан бүгін Өмірбек Текебаевтың "Ата-Жұрт" партиясының фракциясы шығып кеткен. Ал кеше Феликс Куловтың "Ар-Намыс" партиясының фракциясы премьер-министр Өмірбек Бабановтың атына "коалициялық келісімді орындамайды" деп сын айтып, коалиция құрамынан шығып кеткен еді. Қырғызстан заңы бойынша, коалиция құрамынан екі фракция шықса, ол автоматты түрде ыдырап, үкімет отставкаға кетуі тиіс. Енді парламенттегі партия өкілдері премьер-министр мен үкімет мүшелерін тағайындау үшін жаңа коалиция құруы қажет.
2012年8月23日 01:19
修改 · 1
Салем. Бiрбipiмiзден тiлдердi уйренейiк.
2014年3月12日
想快些进步吗?
加入这个学习社区,来试试免费的练习吧!