Search from various Tiếng Anh teachers...
Hediyeh East
"Мен Kазақпын" Мен қазақпын мың өліп, мың тірілген!.. (Ж.Молдағалиев) Мен қазақпын,мың тіріліп мың өлген!.. Таланбаған тағдырларға түнерген... Өшіп болып қайта жанған жалынмын... Көшіп-қонып ен далада жүрем мен... Тасқа басқан таңбасы мен сөздерін, Еркін елмін, ежелден-ақ «кезбемін»... Шалғынымда мал жайылған төрт түлік. Шаужайына жабыспағам өзгенің... Жалынымды жаттың өзі нақ білген. Атилла боп Ғұнның отын жақтым мен. Медет күтіп бір Алладан әрдайым, Томирис деп ұрандаған Сақпын мен. Ажырамай ақырзаман сырынан, Әсте өшпедім, жоқпын әсте құрыған... Күлтегін боп, Тоныкөк боп, Білге боп, Көк Бөрімін көкке қарап ұлыған!.. Аждаһаның айбары бар мысында Темірмін мен,қиянға үнім ұшуда... Қилы жайттың уын ішіп жасымнан, Билік айттым Бейбарыс боп Мысырға! Көрі жақын тұрса дағы төрінен, Сәулелімін нұр таймаған өңінен... Абылай боп айбаттанды алты алаш, Қайраттанды Кенесары қолымен. Сыпырылып кете барған құндағым заманда да жатқа мойын бұрмадым... Махамбет боп ақиқатты бетке айтып, Абай болып шындық жырын жырладым!.. Мен қазақпын – көк Түріктің тұяғы!.. Ұждансыздар қорлағанда ұяны, «Оян,елім» деп ұрандап өттім мен, Сәкен, Мағжан, Міржақып боп зиялы. Боз боран жыл.Жабарым жоқ бас-бұтқа... Босып жүріп тап болдым сор-аштыққа... Ұлтым деумен «ұлтшыл» болып өлсем де, Ұлы Отанды қорғаудан біз қаштық па?! Әлия мен Мәншүк болып лауладық Бауыржан боп батыл іске бастық та! Жар құлағым тимей бір сәт жастыққа. Зұлмат заман жұртқа азабын жекті дүр. Тексіз ойлар намысымды тепті бір. Бодан болып жетпіс жылды жамылып, Жаным жатқа бағынумен өтті кіл. Имансызға, рухымды таптаған, Желтоқсанда басталғанда сот-ғұмыр, Үскірік жел ысқырып, көр тұрса да Жанарынан жалын шашып отты нұр, Жастар тұрды .Тағдыр опат қылса да, Айдай әлем ән қып айтар топты бұл. Салтым үшін, халқым үшін боп дүбір, Жаңғырып та алыс-жақын кетті қыр... Бойды қарып өтсе дағы сан ызғар, Ойсыратты «Одақ» дейтін уағызды ар. Мен қазақпын мың өліп бір тірілген.. Менің жаным желтоқсанға қарыздар! Менің жаным желтоқсанға қарыздар!
19 Thg 01 2013 14:11
Bài chữa · 1
It's very very patriotic poem.Try to understand it fully.
25 tháng 1 năm 2013
Bạn muốn tiến bộ xa hơn?
Hãy tham gia cộng đồng học tập này và thử nghiệm những bài tập miễn phí!

Đừng bỏ lỡ cơ hội học ngoại ngữ ngay tại nhà. Hãy xem danh sách các gia sư ngôn ngữ giàu kinh nghiệm của chúng tôi và đăng ký buổi học đầu tiên ngay hôm nay!

Hediyeh East
Kỹ năng ngôn ngữ
Tiếng Trung Quốc (Quan thoại), Tiếng Trung Quốc (Thượng Hải), Tiếng Anh, Tiếng Đức, Tiếng Ba Tư (Farsi), Tiếng Nga, Tiếng Tây Ban Nha, Tiếng Thổ Nhĩ Kỳ
Ngôn ngữ đang học
Tiếng Anh, Tiếng Đức, Tiếng Ba Tư (Farsi), Tiếng Nga, Tiếng Tây Ban Nha, Tiếng Thổ Nhĩ Kỳ